(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІН...

2020-2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешімі

(2020.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қызылорда қалалық мәслихатының 2020.11.02. № 301-56/3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.11.05. № 334-60/3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.04.09. № 365-65/3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.23.10. № 381-68/3 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 134 803,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 4500 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 506,6 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 129 797 мың теңге;

2) шығындар - 135 958,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 154,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 154,6 мың теңге;

қарыздар түсімдері - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 154,6 мың теңге.

2. Қалалық бюджеттен Ақжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2020 жылға - 85 324 мың теңге, 2021 жылға - 86 140 мың теңге, 2022 жылға - 86 831 мың теңге сомасында бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.