«Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде орналастырылатын тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 11 қарашадағы № 303 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 174-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаcы мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде орналастырылатын тексеру парақтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күн өткен соң оның «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Ж. Алиев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және