Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 120 шешімі
Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 17 қыркүйектегі № 55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: