«Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 17 Қаулысы (күші жойылды)

«Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 17 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 160 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

2. Қоғамдық даму басқармасы:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қоғамдық даму мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Е. Көшербаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Д. Джуманова

2024 жылғы «___» ___________

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шығыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының басшысы

С. Большакова

2024 жылғы «___» ___________

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2024 жылғы 18 қаңтар

№ 17 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

ережесі


1 тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.