«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 540 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 370-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жіберуші мемлекеттік орган - мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа іссапарға бару тәртібімен жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының инвестициялық саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;
4) сауда саясаты жөніндегі уәкілетті орган - сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы;
5) іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметші - Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші;
6) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі - инвестицияларды тарту бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберілген инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшісі, сондай-ақ саяси мемлекеттік қызметші;