(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨН...

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығы

(2019.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыруға және таратуға жатады.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Ж. Қасымбек

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы

2014 жылғы 30 қазандағы

№ 110 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлігі) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.

3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.

4. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату саласындағы өзге де ұйымдар өкілдері ішінен құрылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.