«Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 220 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау (тестілеу) «Авиациялық персоналға куәлік беру» Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына 1-қосымшаның Халықаралық стандартының (1.2.9.4-бөлім, 1-тарау) 1-үстемесінде және «А» толықтыруында баяндалған, радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті Куәлікке арнайы белгісі енгізіледі.
Тілді меңгеру деңгейінің шкаласы осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген.»;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. ИКАО-ның тілдік білімін бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы арнайы белгі алу мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) мақұлдаған тестті (тестілеу жүйесін) таңдауды кандидат дербес айқындайды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: