Медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 5-2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.07. № 661 бұйрығымен стандартпен толықтырылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің міндетін

атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі

№ 647 бұйрығына 5-2-қосымша

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

Медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей

 міндетті стандарты

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖМБС) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық мамандықтар бойынша білім алушылардың техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі - ТжКБ) оқыту бағдарламаларының мазмұнына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, дайындық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

МЖМБС-нда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) базалық құзырет (бұдан әрі - БҚ) - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;

2) біліктілік - алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;

3) білім беру бағдарламасы - пәндер тізімі арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір кезеңін білім беру мазмұнын анықтайтын құжат және оларды зерделеу мақсатын, оқу мерзімінің көлемін қамтиды;

4) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) - денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагогикалық, медициналық және фармацевтикалық кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды іске асыратын білім беру ұйымы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.