«Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 433 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9522 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.