Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 9 қазандағы № 274/34 шешімі
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7405-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
8 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган:
1) мереке күндері мен атаулы күндерге орай алушылардан өтініштерді талап етпей табысын ескермей біржолғы әлеуметтік көмек:
- 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне Мемлекеттік корпорацияның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын ( бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;