«Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту турал» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 68 Қаулысы (күші жойылды)

Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 68 Қаулысы

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 41 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.