«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 394 бұйрығы (күші жойылды)

«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 394 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10903 болып тіркелген, 2015 жылы 4 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 103(25581) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, І, II және III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкісінің нысанында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. I, II және III санаттағы объектілерге арналған осы Рұқсаттың қолданылу кезеңіне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысандарын бекіту туралы» № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13984 болып тіркелген) сәйкес бекітілген нысан бойынша келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен қарастырылған жобалау құжаттамасымен белгіленген қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету іс-шараларын орындау.

I, II және III санаттағы объектілерге арналған Рұқсаттың қолданылу мерзімі _____ жылдан жылға _____ дейін.»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.