Осы редакция 2019 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.31.10. № 272 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы № 204
қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қаласының жұмыспен қамту орталықтарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 тамызда № 15508 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не Стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.