Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 198-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 наурыздағы
№ 108 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарын есепке алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2014 жылғы 1 наурыздағы және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
2) бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасау құқығының бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын қағаз түріндегі, сол сияқты электрондық жеткізгіштегі құжаттамалық куәлігі;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.