2015 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 732 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 953 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалсын.