Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 283/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.30.01. № 9/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 144/5 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.12.06. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.12.06. № 159/3 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі (бұдан әрі - көшірме) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.