Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін белгілеп-тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық қадағалау актілерінде көрсетіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды қадағалау актілерінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісі қадағалау актілерінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сəйкес жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру немесе тергеп-тексеру нəтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актісін жарамсыз деп тануы жəне оның күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
4) Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу жəне қабылдау тəртібін сақтамауы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
35-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама
1. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін медициналық көрсетілетін қызметтердің тиімділігі, толықтылығы және стандарттарға сәйкестігі көрсеткішін көрсететін индикаторлар пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бөлінеді.
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі сараптаманы жүргізу үшін медициналық ұйымда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі құрылады.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарды бұзу, медициналық оқыс оқиғалар немесе медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін анықтауды, сондай-ақ пациенттердің жолданымдарын күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді.
Сараптама нәтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық кызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
4. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сыртқы сараптаманы:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды жəне (немесе) бейінді мамандарды тарта отырып;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау мониторингі шеңберінде жүргізеді.
Денсаулық сақтау субъектісі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасалуы мүмкін;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты жүргізеді.
Денсаулық сақтау субъектісі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерге мониторинг нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасауы мүмкін;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар жəне (немесе) бейінді мамандар өздерін жеке немесе заңды тұлғалар шарт негізінде тартқан кезде;
4) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомствосы ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты жүргізеді.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізген медициналық қызметтер (көмек) сапасына сыртқы сараптама нәтижелері бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган медициналық қызметтер (көмек) көрсетуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау үшін талдау жүргізеді.
5. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2-параграф. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
36-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және жоюға бағытталған.
2. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылысжайлар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнім, жабдық, көлік құралдары, топырақ, су, ауа және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске асырылуы адамның денсаулық жағдайына және мекендеу ортасына зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері (эпидемиялық мәні бар объектілер) екі топқа бөлінеді:
1) эпидемиялық мәні жоғары объектілер;
2) эпидемиялық мәні болмашы объектілер.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мəні бар субъектілер (объектілер) тізіліміне (бұдан əрі - тізілім) енгізіледі.
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Тізілім осы Кодекстің 5-тарауының 2-1-параграфында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уəкілетті орган бекітетін тəртіппен жəне нысан бойынша қалыптастырылады.
Тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынатын мəліметтер, мемлекеттік бақылау жəне (немесе) қадағалау нəтижелері, есепке алу жəне есеп беру құжаттамасының мониторингі, жеке немесе заңды тұлғалардың жолданымдары, масс-медиадан алынатын мəліметтер, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараты негізінде қалыптастырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу жəне тергеп-тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, эпидемиялық мәні жоғары ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2. Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау:
1) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру;
2) осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша қоғамдық қауіпті зардаптардың басталуын болғызбау мақсатында осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 4-4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-4. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны жоспардан тыс тексеру шеңберінде анықталған жағдайда мұндай субъект осындай нұсқаманы орындамағаны үшін жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс.
5. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және (немесе) оның орынбасары;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, олардың орынбасарлары;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның мамандары;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері және олардың орынбасарлары, басшылары мен мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.
2. Тиісті аумақтағы жоғары тұрған бас мемлекеттік санитариялық дәрігер төмен тұрған лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шығарылғанға дейін олар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оларды кері қайтарып алуға құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Лауазымды адамдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтарынан бөлек, мыналарға:
1) осы Кодекске сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
2) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;
3) санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді талап етуге;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) мынадай:
коммуналдық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының;
республикалық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жекеше ұсыну шығаруға;
4) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына əсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын іріктеуді, өлшеуді жүргізуге, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде өнімді (тауарды) сатып алуды қоспағанда, осы өнімнің (тауардың) құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті жəне оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің (тауардың), шикізаттың сынамаларын (үлгілерін) іріктеуді жүргізуге;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мəселелерін қозғайтын құқықтық актілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес келтіру туралы талап қоюға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін өзгертуге;
8) жеке немесе заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
9) халықтың инфекциялық, паразиттік жəне кəсіптік аурулары, уланулары кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сəйкес денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тартуға;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;
11) мемлекеттік бақылау шеңберінде сыртқы орта объектілерінен сынамалар іріктеуді жəне зертханалық жəне аспаптық зерттеулер мен өлшеулер, адамдарға зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастыруға;
12) мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға;
13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға;
14) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сəйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куəлік беруге;
15) уақытша санитарлық шараларды енгізуге құқығы бар.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығарады:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді жəне (немесе) тергеп-тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту жəне нəтижелері туралы актілер;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама;
3) бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің:
санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
осы Кодекстің 19-бабында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;
тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу туралы қаулылары;
2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тəртіппен, заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дəрігердің жеке ұсынуы;
4) бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің:
бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, əрекеттерге) тыйым салу;
техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қою жəне кері қайтарып алу;
бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, əрекеттерді) тоқтата тұру;
адамдарды жұмыстан уақытша шеттету;
адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары;
5) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы қаулысы;
6) өнімді (тауарды) сатып алу актісі;
7) өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау жəне оның нəтижелері туралы актілер;
8) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сəйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куəлік.
3. Техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) əкелуге тыйым салу уақытша санитариялық шара болып табылады.
Уақытша санитарлық шара мынадай:
1) тиісті халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден адамның өмірі, денсаулығы жəне мекендеу ортасы үшін қауіпті, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінуіне жəне айналымына жол бермеу бойынша қабыл данатын санитариялық шаралар туралы ақпарат алынған;
2) техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнім (тауар) анықталған жағдайларда қолданылады.
39-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды әлеуметтік қорғау
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес лауазымдық айлықақыларына үстемеақыға құқығы бар.