«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі (2026.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша қоғамдық қауіпті зардаптардың басталуын болғызбау мақсатында осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 4-4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4-4. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны жоспардан тыс тексеру шеңберінде анықталған жағдайда мұндай субъект осындай нұсқаманы орындамағаны үшін жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс.

5. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

37-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және (немесе) оның орынбасары;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, олардың орынбасарлары;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның мамандары;

4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері және олардың орынбасарлары, басшылары мен мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.

2. Тиісті аумақтағы жоғары тұрған бас мемлекеттік санитариялық дәрігер төмен тұрған лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шығарылғанға дейін олар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оларды кері қайтарып алуға құқылы.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. Лауазымды адамдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтарынан бөлек, мыналарға:

1) осы Кодекске сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;

2) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;

3) санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді талап етуге;

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) мынадай:

коммуналдық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының;

республикалық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жекеше ұсыну шығаруға;

4) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына əсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын іріктеуді, өлшеуді жүргізуге, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде өнімді (тауарды) сатып алуды қоспағанда, осы өнімнің (тауардың) құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті жəне оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің (тауардың), шикізаттың сынамаларын (үлгілерін) іріктеуді жүргізуге;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мəселелерін қозғайтын құқықтық актілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес келтіру туралы талап қоюға;

6) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;

7) санитариялық-қорғаныш аймақтарын: жұмыс істеп тұрған объектілер үшін алдын ала (есептік) санитариялық-қорғаныш аймақтарын, белгіленген (түбегейлі) өлшемдерін белгілеуге жəне олардың өлшемдерін өзгертуге;

8) жеке немесе заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

9) халықтың инфекциялық, паразиттік жəне кəсіптік аурулары, уланулары кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сəйкес денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тартуға;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;

11) мемлекеттік бақылау шеңберінде сыртқы орта объектілерінен сынамалар іріктеуді жəне зертханалық жəне аспаптық зерттеулер мен өлшеулер, адамдарға зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастыруға;

12) мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға;

13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға;

14) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сəйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куəлік беруге;

15) уақытша санитарлық шараларды енгізуге құқығы бар.

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығарады:

1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді жəне (немесе) тергеп-тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту жəне нəтижелері туралы актілер;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама;

3) бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің:

санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

осы Кодекстің 19-бабында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;

тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу туралы қаулылары;

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тəртіппен, заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дəрігердің жеке ұсынуы;

4) бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің:

бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, əрекеттерге) тыйым салу;

техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қою жəне кері қайтарып алу;

бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, əрекеттерді) тоқтата тұру;

адамдарды жұмыстан уақытша шеттету;

адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары;

5) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы қаулысы;

6) өнімді (тауарды) сатып алу актісі;

7) өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау жəне оның нəтижелері туралы актілер;

8) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сəйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куəлік.

3. Техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) əкелуге тыйым салу уақытша санитариялық шара болып табылады.

Уақытша санитарлық шара мынадай:

1) тиісті халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден адамның өмірі, денсаулығы жəне мекендеу ортасы үшін қауіпті, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінуіне жəне айналымына жол бермеу бойынша қабыл данатын санитариялық шаралар туралы ақпарат алынған;

2) техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнім (тауар) анықталған жағдайларда қолданылады.

 

39-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

39-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды әлеуметтік қорғау

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес лауазымдық айлықақыларына үстемеақыға құқығы бар.

 

40-бап. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

41-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жоспардан тыс тексерулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілерге қатысты жүргізіледі.

 

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау

Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 42-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

42-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, өнімі (тауары), жұмысы, көрсетілетін қызметі анықталған жағдайларда, жедел ден қою шаралары қолданылады.

2. Тексеруді, профилактикалық бақылауды, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша қолданылатын, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер етудің осы бапта көзделген тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.

Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, əкімшілік іс жүргізуді қозғамай, жедел ден қою шаралары қолданылады.

3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді:

1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, əрекеттерді) тоқтата тұруды;

2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, əрекеттерге) тыйым салуды;

3) техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қоюды жəне кері қайтарып алуды;

4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттетуді;

5) адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыруды қамтиды.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау жəне көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ бақылау мақсатында сатып алу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.

5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Кодекстің 38-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.

Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

10. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

11. Осы баптың 10-тармағына сəйкес, жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе профилактикалық бақылауды, тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда, қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.

12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.

Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актілерін жарамсыз деп тануы жəне олардың күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

2) жедел ден қою шарасын осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жеделден қою шараларын қолдануы.

15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу

1. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуді анықтау жəне оның жолын кесу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүзеге асырылады.

Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тəртібіне сəйкес жүргізіледі.

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілген өнім (тауар) бақылау мақсатында сатып алуға жатады.

3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізеді жəне ол сатып алынған өнімнің (тауардың) тізбесі жəне бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен (бақылау-касса машинасының чегімен немесе тауар чегімен), тауарларға ілеспе жүкқұжатпен жəне өнімді (тауарды) сатып алу актісімен расталады.

Бақылау мақсатында сатып алу барысында сатып алынған өнім (тауар) санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.

4. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нəтижелері бойынша өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нəтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар (олар болған кезде), оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.

Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, оның нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

5. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнім (тауар) анықталған кезде өнімді (тауарды) өткізуден алып қою жəне кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шарасы қолданылады.

Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз болған кезде тергеп-тексеру жүргізіледі.

6. Осы баптың ережелерін жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тəртібін сақтамау өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау жəне оның нəтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тану жəне олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.

7. Техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) тұтынуға жəне өткізуге байланысты ықтимал тəуекелдер туралы халықты хабардар ету үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсында сəйкес келмейтін өнімнің (тауардың) тізілімі орналастырылады.