«Маңғыстау облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/182 шешімі

Маңғыстау облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/182 шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облыстық

 мәслихатының төрағасы

 

Ж. Матаев

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының

2024 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 17/182 шешіміне қосымша

 

 

Маңғыстау облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау

қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Маңғыстау облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.