«Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 410 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 245 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 598 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 410 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 245 бірлескен бұйрығына, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру Қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өткен жылы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: