«Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 58 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда электрондық тәсілмен микрокредиттер беруді автоматтандыратын микрокредит берудің ақпараттық жүйесі;»;
6) тармақша алып тасталсын;
6, 7, 9, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент - жеке тұлға мынадай деректерді енгізеді (қоса береді):
туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданыс мерзімі;
ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі;
беттің бейтарап қалыпта және аузы жабық ашық түстегі анфас фотосуреті.
Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент-заңды тұлға мынадай деректерді (сканерленген түрдегі құжаттарды) енгізеді (қоса береді):
заңды тұлғаның атқарушы органының басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттіктерін растайтын сенімхат;