Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 155 бұйрығымен бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен күші жойылды
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
гигиеналық нормативтері
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанының, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты жергілікті атқарушы билік органдарына, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған.
2. Нормативтер жасанды немесе табиғаттан шыққан иондаушы сәулеленудің адамға әсер етуінің барлық жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады және иондаушы сәулеленудің рұқсат етілген әсер ету деңгейіндегі негізгі дозалар шегіндегі және адамның сәулеленуін шектеу бойынша басқа да талаптар нысанында «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын регламенттейтін негізгі құжат болып табылады. Ешқандай басқа нормативтік және әдістемелік құжаттар гигиеналық нормативтердің талаптарына қайшы келмеу тиіс.
3. Жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады.