«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 315 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық комиссия ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Республикалық комиссия мүшелерінің қатарынан басым дауыспен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады. Ереженің 14-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес Республикалық комиссияның құрамы мен Республикалық комиссия туралы ереже ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Республикалық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.