«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 99 бұйрығы

 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 99 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады.»;

10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10-1. Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Түсуші ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, бірақ тестілеуге қатыспаған болса, онда оған ҰБТ өткізілетін кезеңде келесі күндердің бірінде аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және тестілеу күнімен сәйкес келетін келесі дәлелді себептер болған кезде ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігі беріледі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.