«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VI Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

7. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде:

1) мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтердің уақтылы және сапалы ұсынылуын;

2) ұсынылатын мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты қолданылады.

8. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

«Бір терезе» қағидаты бойынша өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асыруы мүмкін.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру үшін қажет объектілерді салуды және пайдалануға енгізуді жүзеге асыруға тиіс мерзімдерді көрсету:

1) қызметті жүзеге асыру туралы;

2) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) және кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау);

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жер учаскесінің меншік иесі мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) және уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттарындағы міндетті талап болып табылады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 18-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштерді қарау рәсімі

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оны жасасу үшін өтініш беруші осы бапқа сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына тиісті өтінішті береді.

2. Мыналар:

1) жер қойнауын пайдаланушылар;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;

3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;

4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған, аяқталмаған келісімшарттар бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;

5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;

6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті берушілерге жатпайды.

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар жатпайды.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар:

1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

5) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;

6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі.

Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі.

Цифрлық және инновациялық технологиялар саласында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берілген кезде жобаның негіздемесі қоса беріледі;

8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;

9) тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;

10) осы баптың 16 және 17-тармақтарына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы;

11) егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар:

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) дара кәсіпкер үшін:

уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған өтініш беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;

егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлға үшін:

уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

жарғының көшірмесі;

өтініш беруші заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;

өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі. Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады;

тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;

егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі.

5. Өтініш беруші өтініш берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы:

1) өтініш берілген күні оны өтініштерді тіркеу журналында тіркеуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға;

2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруге міндетті.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтінішті жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды.

Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушылары жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттарының біріне сәйкес келуге:

өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өнім өндіруді жүзеге асыруға;

өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында қажеттілікті жаппайтын өнім өндіруді жүзеге асыруға тиіс.

Осы тармақтың 2-бөлігінде көрсетілген өлшемшарттар өңдеу өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын әлеуетті қатысушыларға қатысты қолданылады.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі, оның ішінде бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлері арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына, басым қызмет түрлеріне, осы баптың 6-тармағында көзделген өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

8. 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасудан бас тарту туралы шешімді оны қабылдау негіздемесімен бірге өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде жіберуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы осы баптың 6-тармағында көзделген талаптарға өтініштер сәйкес келген жағдайда өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды.

Қызметті жүзеге асыру туралы шартта мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

іс-шаралар мен орындау мерзімдері ескерілген жобаны іске асырудың жоспар-графигі;

жобаның өндірістік және жоспарлы қуаттары;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.

Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалатын қызметті жүзеге асыру туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қарсы міндеттемесі қамтылуға тиіс.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай үйлестіру орталығына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және шарт жасасу туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Бірыңғай үйлестіру орталығы тиісті шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік береді.

Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығы осындай тұлғаларды және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесін алғаны туралы хабардар етеді. Бірыңғай үйлестіру орталығы мемлекеттік кіріс органдарын да тұлғаны арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу туралы хабардар етеді.

Аталған тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу туралы ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық жеңілдіктерді алуға құқылы.

14. Мемлекеттік кіріс органдары бірыңғай үйлестіру орталығының хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:

1) арнайы экономикалық аймақ таратылған кезде;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығын және мемлекеттік кіріс органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде өтініш берушілер жоба құнының кемінде он пайызы мөлшерінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін мынадай тәсілдердің бірімен:

1) ақшамен;

2) банктік кепілдікпен;

3) өтініш беруші үшін осы тармақта көзделген тәсілдермен кепілгердің қаржылық қаражатының бар екенінің растамасы қоса берілген кепілгерлікпен;

4) мүлік кепілімен;

5) сақтандыру шартымен растауға тиіс.

Өтініш беруші қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде бірнеше тәсілді комбинациялау арқылы таңдауға құқылы.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесін алған кезден бастап екі жыл ішінде жоба құнының қалған бөлігіне қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін растауға тиіс.

Жобасының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен асатын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесін алған кезден бастап үш жыл ішінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін растауға тиіс.

Осы тармаққа сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну кезінде іске асырылмай қалған жоба құнының бір бөлігіне ұсынады.

 

19-бап. Қызмет түрін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу тәртібі

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы уәкілетті органға қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

Уәкілетті органның қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішті қарау қорытындылары бойынша тиісті шешім мен өтінішті уәкілетті орган қорытынды беру үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішке жобаның паспорты, жобаның әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауды талдау және республикалық және жергілікті бюджеттердің шартты шығасыларының есеп-қисаптары қоса беріледі.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызмет түрлерін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі мен мерзімі арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларына сәйкес қаралады.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы оң қорытынды берген жағдайда уәкілетті орган мәлімделген қызмет түрін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізеді.

Басым қызмет түрлерінің тізбесі бірыңғай үйлестіру орталығының ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 20-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айыру рәсімі

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы Заңның 18-бабының 16 және 17-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда осындай қатысушымен жасалған қызметті жүзеге асыру туралы шарт осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген тәртіппен бұзылуға жатады.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобаны іске асыруға әсер ететін шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамағаны анықталған кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы анықталған бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім белгіленетін тиісті акт жасайды және оны осындай қатысушыға жібереді.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы шарт бойынша міндеттемелерді елеулі бұзған мынадай жағдайларда:

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қатысушы шартта көзделген объектілерді жобалауды жүргізу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру және пайдалануға беру мерзімдерін дәлелсіз себептермен қатарынан күнтізбелік үш айдан артық сақтамаса;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен келісілмей қатысушының қызметі күнтізбелік екі айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрса;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қатысушы шарт талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды осы баптың 2-тармағында көзделген актіде айқындалған мерзімде жоймаса, қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады.

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша шартты бұзу кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын немесе жер учаскесін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартын бұзуға да алып келеді.

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт бұзылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органын, бірыңғай үйлестіру орталығын, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын хабардар етеді.

 

21-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

1. Қосалқы қызмет түрлері арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен жасасатын қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші болып табылуға тиіс;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуге тиіс.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде, қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге өтініш береді.

Өтінішке тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесіне сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттар қоса беріледі.

 

22-бап. Тұлғаларды қосалқы қызмет түрін жүзеге асыруға жіберу негізі мен рәсімі

1. Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтініш келіп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы:

1) ұсынылған құжаттардың тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;

2) қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтінішті өтініштерді тіркеу журналында тіркейді. Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтініштің берілген күні оның тіркелген күні болып табылады.

2. Ұсынылған құжаттар тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесіне сәйкес келген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады және бұл туралы әрекет ету аймағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан мемлекеттік кіріс органын тұлғаның арнайы экономикалық аймақ аумағында қосалқы қызмет түрін жүзеге асыруға жіберілгені туралы хабардар етеді.

3. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мұндай құқықты алу үшін арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға шарт жасасуы да мүмкін.