Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығы
(2026.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2026.24.08. № 592 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.07.12. № 1142 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.24.08. № 592 бұйрығымен (2026 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) үлгілік оқу жоспары жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 143 бұйрығымен бекітілген
Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын