«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 505 бұйрығы

 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 505 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:

2-тармақта:

16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«16) осы Қағидалардың талаптарын сақтауға жауаптылар - су айдындарының, су объектілеріндегі жаппай демалыс, туризм және спорт орындарының иелері (жалға алушылар, өтеусіз пайдаланушылар), нұсқаушылар және (немесе) жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын және (немесе) оларда демалып жатқан жеке және заңды тұлғалар;

17) сақтандыру ұшы - құтқару дөңгелегімен немесе құтқару кеудешесімен бірлесіп пайдаланылатын, белбеуге немесе иыққа тағылатын нұсқаушының өзін сақтандыруға арналған ілмегі бар катушкадағы ұзындығы кемінде 200 метр қалқымалы балға;»;

19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;»;

мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«25-1) шомылу - жуыну, денсаулықты нығайту немесе демалу мақсатында суға түсу, жүзу және су айдындарында болу;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.