«Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 281/НҚ бұйрығы

Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 281/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Жасанды интеллект және цифрлық

даму министрінің

2026 жылғы 2 маусымдағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.