«Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 48 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20327 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
4-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уран және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде:
уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия;
тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы.