Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 шешімі
(2024.17.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының 2024.29.03. № 15-95 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.17.05. № 16-100 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 468 948 254 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 46 876 841 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 2 652 353 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 419 402 060 мың теңге;
2) шығындар 469 119 029 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 14 702 635 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 29 570 722 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 14 868 087 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 17 752 965 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
17 752 965 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 23 782 994 мың теңге;
қарыздарды өтеу 11 441 531 мың теңге;