«2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с шешiмi (2017.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с шешiмi

(2017.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабаның 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 тіркелген шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017.31.01. № 13/113-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.23.02. № 14/117-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017. 18.04. № 16/142-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.13.07. № 18/165-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.27.10. № 21/182-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.07.12. № 23/188-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 122 778 213 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 52 752 564 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 417 634 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 206 445 мың теңге;

трансферттер түсімі - 68 401 570 мың теңге;

2) шығындар - 129 911 744 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 697 399 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 900 346 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 202 947 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 86 407 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 217 638 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 131 231 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -7 917 337 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7 917 337 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.