(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ, СУ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕ...

Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

2016 жылғы 19 қаңтар

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің

2015 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 8-2/1132 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі

саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.