«Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 197 шешімі

Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 197 шешімі

 

Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 5547950,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 4282991,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 7941,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 1257018,7 мың теңге;

2) шығындар - 6283319,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттер - -67676,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 7384,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 75060,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -667692,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 667692,7 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 7384,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 75060,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 735368,7 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ бюджеттеріне 2024 жылға аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1303636,5 мың теңге сомасында 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.