«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 81 Қаулысы (2019.03.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 81 Қаулысы

(2019.03.12. берілген өзгерістермен)

 

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 56 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген), «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Алматы облысы әкімдігінің 2019.29.03. № 104 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері:

1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;

5) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес;

6) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.