«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 17 шілдедегі № 7 бұйрығы

«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 17 шілдедегі № 7 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі монополияға қарсы органға Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен бір және (немесе) бірнеше шарттар сақталған кезде жүгінеді:

1) сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шартын ресімдеу және жасасу кезінде контрагенттерден өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйені енгізу;

2) негізгі қуатқа қолжетімділікті алудың ішкі тәртібін бекіту;

3) негізгі қуатқа қолжетімділікті алушылармен сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шарттарын қайта жасасу;

4) негізгі қуатты пайдаланумен байланысты қызметтен алынған кіріс есебінен қаржыландырылатын және тиісті саланы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісілген бес жылдан аспайтын мерзімге инвестициялық жобаларды іске асыруды біржолғы аяқтау, сондай-ақ негізгі қуат иесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды орындау қажеттілігі.

Өзінің қызметін Қағидаларға сәйкес келтіру үшін мерзімді ұзарту, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.