«Жылу электр станцияларының техникалық сумен жабдықтау жүйесінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына 8-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

8 қосымша

 

 

Жылу электр станцияларының техникалық сумен жабдықтау жүйесінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулар

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Жылу электр станцияларының техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Әдістемелік нұсқаулар жылу электр станцияларында (бұдан әрі - ЖЭС) техникалық сумен жабдықтаудың келесі гидротехникалық құрылыстарына таралады:

1) өзен және су қоймаларының тоғандары;

2) сорғыш станцияларының құрылыс бөлігі;

3) арынсыз және арынды су жолдары (каналдар, құбырлар) және турбина конденсаторларына суды әкелетін олардың жабдықтары;

4) арынсыз және арынды су жолдары (каналдар, құбырлар) және турбина конденсаторларына суды әкелетін олардың құрылыстары (сифонды құдықтар, акведуктар, дюкерлер, сарқырамалар және су шығаратын құрылыстар);

5) салқындатқыш су қоймалары;

6) арынды топырақты бөгеттер мен дамбалар;

7) суды ағызатын құрылыстар;

8) қысқы кезеңде тоғанды жылыту және температураны реттеу мақсатымен жылы суды беруге арналған құрылыстар;

9) жақын жатқан су көздерінен салқындатқыш су қоймаларын толықтыруды қамтамасыз ететін құрылыстар.

3. Аталмыш Әдістемелік нұсқауларда келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.