«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 13-НҚ нормативтік қаулысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 13-НҚ нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тиімділік аудиті аудит органдарының (Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары (бұдан әрі - Тексеру комиссиялары) құзыреттеріне сәйкес перспективалық жоспарлаудан, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырудан басталады және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) көзделген кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.»;

15-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.