Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 129/15 шешімі
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191126 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 232 909 625 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 208 890 889 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 417 902 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 184 095 мың теңге;
трансферттер түсімі - 15 416 739 мың теңге;
2) шығындар - 231 131 901 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 250 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - нөлге тең;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 631 559 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 631 559 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 149 415 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 1 149 415 мың теңге.»;
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде қала кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеттеріне Павлодар қалалық бюджетінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерде көзделгені ескерілсін:
Атамекен кентінің, Павлодар және Мойылды ауылдарының автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге - 282 610 мың теңге:
Мойылды, Жетекші және Павлодар ауылдарының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыруға және көгалдандыруға - 363 347 мың теңге;