«Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 96 бұйрығы

 «Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 96 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 17520 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылғы 30 наурыз бен 30 маусым аралығында.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Үміткер, егер ол осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, стипендиялық бағдарлама бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Үміткер оператор порталы арқылы бакалавриат даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - кемінде «жақсы» деген бағасы бар орта білімді растайтын құжат үлгерімінің орташа балы);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;

4) үміткер оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыным хаты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.