Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 65 Қаулысы
(2026.25.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.09. № 138 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мына:
1) «Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 94 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35608 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 15 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36127 болып тіркелген).
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;