«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 74 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
2-тарау мынадай мазмұндағы 14-параграфпен толықтырылсын:
«14-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қойылатын талаптар
37-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (бұдан әрі - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) құрамына оларға бекітілген функцияларды орындау үшін қажетті ғимараттар, үй-жайлар мен құрылысжайлар (қосалқы, өндірістік, қоймалық және көмекші) кіреді.
37-2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аумағында қашалары, өткелектері және жануарларды орнықты ұстауға арналған білдегі бар жеке тұрған ғимараттарда (үй-жайларда) орналастырылады.
Реконструкцияланатын жеке тұрған қоғамдық және әкімшілік ғимараттарда немесе осы ғимараттардың қызметкерлер мен келушілер ғана пайдаланатын жеке кіретін есіктері бар бөліктерінде қашалары, өткелектері және жануарларды орнықты ұстауға арналған білдегі бар болған кезде, оларда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды орналастыруға жол беріледі.
37-3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды:
1) тұрғын ғимараттардың тұрғын емес үй-жайларында, тұрғын ғимараттардың жартылай жертөле және жертөле үй-жайларында;