«Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі

Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған Орал қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізімінде:

№ 34 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

«1. № 34 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Деркөл кенті, «Көкжиек» шағынауданы, Ақтамберді жырау, 24 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 48 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Деркөл кентінің № 1 тәптіштелген жоспарлау жобасының жеке тұрғын үйлері. Маштаково, Новостройка-Кумыска, Өскен ауылы елді мекендері және Кумыска ауылының екінші бөлімшесі. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Орал» ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы жанында орналасқан үйлер. «Тамарикс», «Дружба» баугерлік серіктестігіндегі үйлер.»;

№ 169 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

«3. № 169 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Зачаган кенті, «Арман» шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, 114 үй, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.