«Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 88 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық:
мынадай мазмұндағы 17, 18 және 19-тараулармен толықтырылсын:
«17-тарау. Негізгі құрал-жабдықтарды шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес есепке алу
158. Негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) негізгі құрал-жабдықтар келген кезде: