Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы
(2025.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.06.05. № 104 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.09. № 300 бұйрығымен (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.06.05. № 104 бұйрығымен (2025 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.06.05. № 104 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.