Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 171 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023.31.03. № 123/НҚ бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
Ұялы байланыс қызметтерін көрсету
қағидалары
(2023.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.28.05. № 234 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.31.01. № 35/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс қызметтерін, сондай-ақ олармен технологиялық байланысты қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1162 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.21.11. № 403 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.28.05. № 234 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.05.05. № 175/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.21.05. № 204/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды: