«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 27 мамырдағы № 129/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентінде
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуына жауапкершілік Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарларына, аппарат басшысына, Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына, орындаушыларына, бірлесіп орындаушыларына жүктеледі.
Құжаттар орындалғаннан кейін екі күн ішінде жауапты орындаушы кеңсе қызметкері бақылаудан алуы үшін БҚА арқылы келіп түсетін құжаттарды орындау карточкаларын міндетті түрде толтыруды қамтамасыз етеді.».
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Құжат айналымы басқармасы жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, үн қосуларды, ұсыныстарды тіркеудің уақтылығын, толықтығын, дұрыстығын және есепке алу мәліметтерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне ұсынуды қамтамасыз етеді.
«Е-өтініш» АЖ-дағы жолданымдарға, хабарламаларға, сұрау салуларға, үн қосуларға, ұсыныстарға жауаптардың уақтылығы, толықтығы, дұрыстығы үшін жауапкершілік негізгі орындаушыға, Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бірлескен орындаушысына жүктеледі.