«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы» VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 301 шешiмi

«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 301 шешiмi

 

Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1750 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. Әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі және біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға беріледі.»;

3-тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6) ең төмен күнкөріс деңгейі - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен тұтыну қоржыны құнының шамасына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай табыс;»;

3-тармақтың 12) және 15) тармақшалары алып тасталсын;

8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.