Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығы
(2020.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.13.06. № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.14.06. № 449 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2019.03.06. № 206 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.06. № 367 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.13.06. № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.14.06. № 449 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2019.03.06. № 206 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.06. № 367 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда