(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ М.А 2014.09.12 № ...

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 23-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевақа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушы

А. Рау

2014 жылғы 8 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

міндетін атқарушының

2014 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 136 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.