Осы редакция 2019 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
9-қосымша
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық
алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (облыстық маңызы бар қалалар) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.